
Туберкулез туралы ақпараттық және алдын алу кураторлық сағаты
ЕҰУ жаңалықтары
17.02.2026 21

2026 жылғы 17 ақпанда 24-12 тобында (Шетел тілі: екі шетел тілі) «Туберкулез — әлеуметтік маңызы бар ауру» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында студенттер туберкулездің негізгі түрлері, жұғу жолдары, ауру белгілері және заманауи алдын алу әдістерімен танысты. Ерте анықтау мен қоғамдық денсаулықты сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Шақырылған маман — «Astana clinic» ЖШС медициналық қызметкері Шаминова Айгерим Сериковна — аурудың алдын алу бойынша практикалық кеңестер беріп, денсаулыққа жауапкершілікпен қараудың маңызын атап өтті. Студенттер тақырыпқа белсенді қатысып, медициналық сауаттылықтың маңызын талқылады.
Бөлісу:
