
Студенттер мен түлектерді тоғыстырған ЕҰУ-дың 30 жылдығына арналған волейбол турниры
15 ақпан күні «Евразия» спорт кешенінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті-тің 30 жылдық мерейтойы аясында Білім жоғары мектебінің студенттері, ММХҚИ-дың Қазақстан Республикасындағы филиалы студенттері және БЖМ түлектері арасында волейболдан турнир өтті.
Салтанатты ашылу рәсіміне БЖМ директоры Б.Ж. Сомжүрек, Дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі А.Ж. Салиева, директордың студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары А.Б. Мейірман, сондай-ақ кафедраның аға оқытушылары Е.К. Ибраев, А. Аликей және Р. Мамырқұлов қатысты. Олар қатысушыларға сәттілік тілеп, мерейтойлық жарыстың маңыздылығын атап өтті.
Турнир білім алушылар арасындағы бірлікті нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және университеттің корпоративтік рухын көтеруге бағытталған жарқын спорттық шара болды.
Тартысты өткен ойындардың қорытындысы бойынша:
I орын — «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4 курс студенттері;
II орын — 2022 жылғы түлектер командасы;
III орын — «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенттері.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
