
«Ағылшын тілі сабақтарында сыни ойлау мен медиасауаттылықты дамыту» атты ғылыми-әдістемелік семинар

24 ақпанда Педагогикалық шеберлік мектебі аясында «Ағылшын тілі сабақтарында сыни ойлау мен медиасауаттылықты дамыту» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинарды PhD докторы, аға оқытушы Кусепова Гульзат Тунгушбаевна жүргізді.
Семинар жұмысына Шетел тілдерінің теориясы мен практикасы кафедрасының оқытушылары, докторанттары және магистранттары қатысты. Іс-шараның мақсаты – оқытушылардың кәсіби шеберлігін арттыру және ағылшын тілін оқыту үдерісіне заманауи білім беру технологияларын енгізу болды.

Семинар барысында білім алушылардың сыни ойлауын және медиасауаттылығын қалыптастырудың өзекті мәселелері қарастырылды. Медиамәтіндермен жұмыс істеудің тиімді әдістемелік тәсілдері ұсынылып, студенттердің аналитикалық және коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған практикалық тапсырмалар көрсетілді. Білім беру үдерісінде аутентті материалдар мен цифрлық ресурстарды қолдануға ерекше назар аударылды.
Семинар интерактивті форматта өтіп, қатысушылардың зор қызығушылығын тудырды. Талқылау барысында ағылшын тілін оқытуды одан әрі жетілдіру бойынша кәсіби тәжірибе алмасу жүзеге асырылды.
Өткізілген іс-шара сыни ойлау мен медиасауаттылықты дамыту технологияларын заманауи білім беру тәжірибесіне енгізудің өзектілігін айқындады.
https://teams.microsoft.com/meet/45865468053760?p=HFbbVGd5AM9v6y1cMP
