
Жастармен кездесу: діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу
ЕҰУ жаңалықтары
12.03.2026 31





2026 жылдың 11 наурыз күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде B018-1721-24-05 және B018-1721-24-07 топтарының кураторы Д.Б. Акынованың ұйымдастыруымен және шақырылған сарапшы-теолог Өнер Ермекұлының қатысуымен «Діни экстремизм мен терроризм – қоғамға төнген қауіп» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шара барысында студенттерге діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары түсіндіріліп, оның қоғам үшін қауіптілігі, пайда болу себептері мен салдары жан-жақты талқыланды. Кездесу барысында жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, теолог маманнан мазмұнды жауаптар алды. Аталған кездесу студенттердің діни сауаттылығын арттыруға және қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтаудың маңызын түсінуге ықпал етті.
Бөлісу:
