
Білім беру назарда: кәсіби диалог және тәжіриб
ЕҰУ жаңалықтары
08.04.2026 9





Білім жоғары мектебінің директоры Сомжүрек Б.Ж. Ғылым онкүндігі аясында БЖМ-нің базасында («Дене шынықтыру және спорт», «Педагогика», сондай-ақ «Шет тілдерінің теориясы мен практикасы» кафедраларында) өткізілген іс-шараларға қатысты.
Кездесулер барысында Еуразия ұлттық университеті мен Білім жоғары мектебінің білім беру үдерісін жетілдіруге, мамандарды даярлау сапасын арттыруға және оқытуда заманауи тәсілдерді енгізуге бағытталған негізгі стратегиялық даму бағыттары ұсынылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша директор «Трансформация және реинжиниринг» курстарын сәтті аяқтаған қатысушыларға сертификаттар табыстады.
Өткізілген кездесулер кәсіби өзара іс-қимылды нығайтуға және болашақ даму бағдарларын айқындауға ықпал етті.
Бөлісу:
