
«Alikhan Bokeikhan University» докторанттары ENU базасында ғылыми тағылымдамадан өтуде
ЕҰУ жаңалықтары
15.05.2026 15

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Alikhan Bokeikhan University» білім беру мекемесінің 8D01101 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 3-курс докторанттары Н.Т. Жайргазина мен А.Б. Досанова 2026 жылғы 11 мамыр мен 10 маусым аралығында ғылыми тағылымдамадан өтуде.
Тағылымдаманың мақсаты – докторлық диссертацияға қажетті материалдарды іріктеу, ғылыми әдебиеттерді зерделеу, сондай-ақ диссертациялық зерттеу мәтініне өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
Ғылыми тағылымдама жетекшілері – п.ғ.к., профессор Толқын Сламқұловна Сламбекова және п.ғ.д., профессор Айжан Будановна Абибулаева – докторанттарға докторлық диссертация тақырыптары бойынша ғылыми-кеңестік жұмыстар жүргізуде.
Бөлісу:
