
Білім жоғары мектебінің кеңейтілген отырысы өтті

Білім жоғары мектебінде жаңа оқу жылына арналған кеңейтілген отырыс өтті.
Отырыс барысында Білім жоғары мектебінің директоры Нуриля Касымбекова алдағы оқу жылына арналған негізгі мақсат-міндеттер мен атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар жаңа оқу жылына қабылданған білім алушылар контингенті, білім беру бағдарламалары, оқу үдерісін ұйымдастыру, еңбек қатынастары, академиялық және кәсіби әдеп мәселелері жөнінде ақпарат берілді.
Кеңейтілген отырыста Білім жоғары мектебі директорының орынбасарлары таныстырылды: Директордың академиялық мәселелері жөніндегі орынбасары Дүйсенбаева Бибігүл Амангелдіқызы, Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Тайболатов Қуандық Момынғазыұлы, сондай-ақ Директордың студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасарының м.а. Дәстүр Әлімтай.
Жиында алдағы оқу жылындағы басым бағыттар талқыланып, Білім жоғары мектебінің қызметін одан әрі дамытуға қатысты ұжым мүшелерінің ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды.
Отырыс қорытындысы бойынша алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалып, тиісті бағыттар бойынша жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі атап өтілді.
