
Білім жоғары мектебінде шетелдік студенттермен кездесу өтті
ЕҰУ жаңалықтары
01.10.2026 33

2026 жылғы 1 қазанда Білім жоғары мектебінде Халықаралық ынтымақтастық департаменті өкілдерінің қатысуымен шетелдік студенттерге арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесу барысында студенттерге Қазақстан Республикасының аумағында заңды және қауіпсіз болу ережелері, көші-қон есебіне тұру тәртібі, сондай-ақ елге келгені туралы хабарламаны үш күн ішінде беру қажеттілігі түсіндірілді. Құжаттарды уақытылы рәсімдеуге және белгіленген талаптарды сақтауға ерекше назар аударылды.
Кездесудің негізгі мақсаты — шетелдік студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, көші-қон заңнамасын бұзудың алдын алу және олардың Қазақстан Республикасының аумағында қауіпсіз болуын қамтамасыз ету.
Бөлісу:
