
Білім жоғары мектебі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

2026 жылғы 3 қазанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Білім жоғары мектебінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған қалалық сенбілікке қатысты.
Іс-шара барысында Білім жоғары мектебінің өкілдері аумақты санитарлық тазалау және абаттандыру, қоқыстарды жинау және тазалықты қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізді.
Акцияға қатысу экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға және белсенді азаматтық ұстанымды дамытуға, сондай-ақ қоршаған ортаның тазалығы мен абаттандырылуын қамтамасыз етуге бағытталды.
Білім жоғары мектебінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасын қолдап, қоршаған ортаны қорғауға және таза әрі жайлы орта қалыптастыруға өз үлестерін қосты.
