
EdUHK докторантурасында білім алу перспективалары

2026 жылғы 16 қарашада «7М01719 – Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының магистранттары Гонконг педагогикалық университетінің өкілдерімен өткен кездесуге қатысты.
Әлемдегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі – The Education University of Hong Kong (EdUHK) өкілдері жұмыс сапарымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне келді. Делегацияны ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі проректор Чан Четвин басқарды.
Кездесу барысында магистранттар EdUHK университетінде академиялық білімдерін жалғастыру мүмкіндіктерімен, оның ішінде докторантура бағдарламаларымен, грант алу шарттарымен және Гонконгта ағылшын тілін екінші шет тілі ретінде оқыту бағыты бойынша білім алу перспективаларымен танысты.
Университет өкілдері қолжетімді білім беру және ғылыми-зерттеу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат беріп, магистранттардың оқуға түсу, білім алуды қаржыландыру және академиялық қызмет мәселелеріне қатысты сұрақтарына жауап берді.
Кездесу соңында қонақтар қатысушыларға естелік сыйлықтар табыстады. Аталған іс-шара магистранттар үшін халықаралық деңгейде білімдерін жалғастыру және ғылыми-академиялық ынтымақтастықты дамыту перспективаларымен танысуға мүмкіндік берген маңызды кездесу болды.
