
ТПИЯ кафедрасының докторанты Краков қаласындағы UKEN университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде

«8D01719 – Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 3-курс докторанты, Шетел тілдерінің теориясы мен практикасы (ТиПИЯ) кафедрасының докторанты Айдана Альназирова Краков қаласындағы Ұлттық білім беру комиссиясы университетінде (UKEN, Польша) ғылыми тағылымдамадан өтуде.
Тағылымдама 2026 жылғы 16–29 қараша аралығында UKEN Гуманитарлық ғылымдар факультеті, Ағылшын филологиясы институтының Ағылшын тілін оқыту дидактикасы кафедрасында өтуде. Докторанттың Польша университетіндегі ғылыми тағылымдамасына шетелдік ғылыми кеңесшісі, Dr. Werona Król-Gierat жетекшілік етеді.
17 қарашада докторант кафедра меңгерушісі, профессор Dr. Joanna Rokita-Jaśkow-мен кездесті. 18 қарашада ЕҰУ докторанты Dr. Sabina A. Nowak-тың сабақтарына қатысып, поляк университетінде болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін даярлау тәжірибесімен танысты. 19 қарашада Айдана Альназирова кафедра меңгерушісінің дәрісіне қатысып, студенттерге көпмәдениетті Қазақстан, қазақ тілі мен дәстүрлері туралы презентация ұсынады. Ал 20 қарашада докторант «Noc Anglistów» («Ағылшынтанушылар түні») атты жалпыұлттық іс-шараға қатысады.
Тағылымдама барысында Айдана Альназирова поляк әріптестерімен болашақ шет тілі педагогтерін кәсіби сертификаттауға даярлауда цифрлық ресурстарды пайдалану тақырыбына арналған диссертациялық зерттеуінің материалдарын да талқылауда. Ағылшын тілін оқыту әдістемесі мен педагогикалық білім беру саласындағы поляк әріптестерінің тәжірибесіне ерекше назар аударылуда.
Ғылыми тағылымдама екі университет арасындағы академиялық ынтымақтастықты дамытуға және халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.
