Білім беру бағдарламалары және даярлау деңгейлері
Кафедра қызметінің негізгі бағытын физика, химия, биология және география пәндері бойынша педагог кадрларды даярлау құрайды. Білім беру үдерісі «бакалавриат – магистратура – докторантура» деңгейлері арасындағы сабақтастық қағидаты негізінде ұйымдастырылады.
Бакалавриат деңгейінде болашақ педагогтердің іргелі пәндік білімдерімен қатар, педагогикалық, әдістемелік, цифрлық және зерттеушілік құзыреттерін қалыптастыруға басымдық беріледі.
Магистратура деңгейінде білім алушылар жаратылыстану пәндерін оқытудың заманауи әдістемелерін, педагогикалық зерттеу технологияларын, білім беруді цифрландыру мүмкіндіктерін, STEM/STEAM тәсілдерін, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру әдістерін және инклюзивті білім беру қағидаттарын терең меңгереді. Сонымен қатар жасанды интеллект құралдарын педагогикалық үдеріске тиімді кіріктіру бағытында кәсіби және зерттеушілік құзыреттерін жетілдіреді.
Докторантура деңгейінде жаратылыстану білімінің әдіснамасы, пәндерді оқыту теориясы мен әдістемесі, цифрлық педагогика, педагогикалық өлшеулер, білім сапасын бағалау, STEM-білім беру және педагогикалық инновациялар бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді дамытуға басымдық беріледі.
|
Білім деңгейі |
Шифр |
Білім беру бағдарламасы |
Оқыту тілі |
|
Бакалавриат |
6B01510 |
Физика мұғалімдерін даярлау |
қазақ, орыс, ағылшын тілі |
|
Магистратура |
7M01510 |
Физика мұғалімдерін даярлау |
қазақ, орыс, ағылшын тілі |
|
PhD докторантура |
8D01510 |
Физика педагогтерін даярлау |
қазақ, орыс, ағылшын тілі |
|
Бакалавриат |
6B01524 |
География педагогтерін даярлау |
қазақ, орыс, ағылшын тілі |
|
Магистратура |
7M01524 |
География педагогтерін даярлау |
қазақ, орыс, ағылшын тілі |
|
Магистратура |
7M01513 |
Биология |
қазақ, орыс, ағылшын тілі |
|
Магистратура |
7M01512 |
Химия |
қазақ, орыс, ағылшын тілі |

