Кафедраның перспективалық даму бағыттарының бірі – жаратылыстану білімі мен педагогикалық ғылымдар саласында шетелдік университеттермен және ғылыми-зерттеу орталықтарымен халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту.
Ынтымақтастық академиялық ұтқырлықты, шетелдік ғалымдар мен профессорларды білім беру және ғылыми-зерттеу үдерістеріне тартуды, бірлескен зерттеулер мен халықаралық ғылыми іс-шараларды ұйымдастыруды, ғылыми тағылымдамаларды және бірлескен білім беру жобаларын іске асыруды қамтиды.
Кафедраның халықаралық академиялық ынтымақтастық бағыттарының бірі – Түркия Республикасының Сакария қаласындағы Сакария университетімен (Sakarya University) ғылыми және білім беру салаларындағы өзара байланысты дамыту. Ынтымақтастық аясында профессор Али Чорухпен бірлескен ғылыми-зерттеу, академиялық ұтқырлық және білім беру жобаларын жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылады.

