Педагогикалық практика және мектептермен байланыс
Кафедраның стратегиялық басымдықтарының бірі – университеттік білім мен мектеп практикасы арасындағы байланысты нығайту. Болашақ физика, химия, биология және география мұғалімдерінің педагогикалық практикасы жалпы білім беретін мектептер, мектеп-лицейлер, гимназиялар және мамандандырылған білім беру ұйымдары базасында ұйымдастырылады.
Практика барысында білім алушылар сабақ жоспарлау, оқу мақсаттарын айқындау, сараланған тапсырмалар әзірлеу, бағалау, зертханалық және практикалық жұмыстарды ұйымдастыру, цифрлық ресурстарды пайдалану және инклюзивті ортада жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады.
Мектептермен ынтымақтастық әдістемелік семинарлар, шеберлік сабақтары, олимпиадалар, ғылыми жобалар, Lesson Study және педагогтердің кәсіби дамуына бағытталған бірлескен іс-шаралар арқылы жүзеге асырылады.

