
Жетістіктер
Педагогика кафедрасының жетістіктері 2023
«Педагогика» кафедрасы студенттерінің жетістіктері
«Педагогика» кафедрасының рейтингі
Педагогика кафедрасының ББ рейтингтерінің нәтижелері:
2022 ж. IAAR рейтингі 1-ші орын В019-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
2022 ж. IAAR рейтингі 1-ші орын D001-Педагогика және психология
Рейтинг АТАМЕКЕН 2021 ж. 1-орын ББ 6B01823 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
Рейтинг АТАМЕКЕН 2022 ж. 3-орын ББ 6B01823 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
Педагогика кафедрасы университет рейтингісін ұлттық және халықаралық деңгейлерде жоғарылатуғаықпал етті. Дәлел ретінде келесі фактілерді келтіруге болады:
5В012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы республикалық білім бағдарламалары рейтингінде Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі және Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің мәліметтері бойынша 2017 жылы екінші орынды иеленді.
6М012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы республикалық білім бағдарламалары рейтингінде Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі және Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің мәліметтері бойынша 2015 жылы бірінші орынды иеленсе, 2016 және 2017 жылдары екінші орында тұр.
6М010300 – «Педагогика және психология» мамандығы республикалық білім бағдарламалары рейтингінде Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі және Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің мәліметтері бойынша 2015 жылы 1 орында, 2016 жылы 2 орында, ал 2017 жылы бірінші орынды иеленіп отыр.
6D010300 – «Педагогика және психология» мамандығы республикалық білім бағдарламалары рейтингінде Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі және Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің мәліметтері бойынша Мамандарды даярлау деңгейлері (бакалавриат, магистратура, докторантура) мен бағыты саласында 2014, 2015, 2016 жылдар бойы 1 орынды иеленсе, 2017 жылы 2 орынға, 2018 жылдың нәтижесі бойынша 1 орында.
6D012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» «Педагогика және психология» мамандығы республикалық білім бағдарламалары рейтингінде Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі және Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің мәліметтері бойынша Мамандарды даярлау деңгейлері (докторантура) 2017, 2018 жылдар бойы 2 орынға иелік етуде.
Кафедраның ғылыми-педагогикалық құрамы іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар кафедрада жыл сайын ұйымдастырылған түрлі деңгейдегі ғылыми өндіріс форумдарда (конференциялар мен семинарлар) оларды ұсынады.
Кафедрада Ғылым және Білім министрлігінің қаржыландыруымен 2017 жылдан бастап 2 ғылыми жоба жүзеге асуда:
- «Қазақстан үшінші модернизациясы контекстінде андрологиялық білім беру әдіснамасын жасау»; атты ғылыми жоба. Ғылыми жетекшісі – педагогика ғылымдарының докторы, профессор Меңлібекова Г.Ж.
- «ЖОО жүйесіндегі білім беруді экологияландыру студенттердің құқықтық саласын модернизацияландырудың инновациялық жолы»; атты ғылыми жоба. Ғылыми жетекшісі – педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ділімбетова Ғ.К.
Әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану кафедрасының 12 оқытушысы ҚР БҒМ тарыпанын тағайындалған «Жылдың үздік оқытушысы» атағының иегерлері: Г. Ж. Менлибекова (2006, 2011ж.), А. Б. Абибулаева (2006 ж.), Г. М. Кертаева (2007 ж.), П. Б. Сейітқазы (2007, 2013 ж.), С. С. Байсарина (2009 ж.), Қ. Р. Қалкеева (2011 ж.), Қ. Қ. Шалғынбаева (2012 ж.), С. Қ. Қожаева (2014 ж.), Г. Қ. Айқынбаева (2014 ж.), Ф. Н. Жұмабекова (2016 ж.), Т. С. Сламбекова (2016 ж.), А. Р. Ерментаева (2017 ж.)
2014 ж. бастап кафедра оқытушылары авторлығымен 8 монография, 2 оқулық және 7 оқу құралы, 300-ден астам мақалалар отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда, оның ішінде 32 мақала импакт-фактормен және 200-ден астам басылым отандық және шетелдік конференциялар материалдарында жарияланған.
