
Ғылыми жұмыс
«Педагогика» кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына, 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді ұйымдастырудың типтік ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
«Педагогика» кафедрасының ғылыми қызметі келесі міндеттерді шешуге бағытталған:
- іргелі, қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен инновациялық қызметтер жүргізу;
- жоғары білімнің теориялық және әдіснамалық негіздерін, әлеуметтік педагогиканың теориясы мен тәжірибесін зерттеу және дамыту;
- ғылыми зерттеулер нәтижелерін мектеп, мемлекеттік органдар, әлеуметтік мекемелердің практикалық қызметіне енгізу;
- болашақ мамандарды кәсіби даярлауда заманауи білім беру технологияларын пайдалана отырып, өзіндік әдістемелер мен технологиялар әзірлеу және жүзеге асыру;
- гранттық бюджет қаражаты есебінен, іскерлік келісім және халықаралық жобаларды тарту арқылы инновациялық зерттеулердің қаржылық базасын кеңейту.
Кафедра ПОҚ-ның ғылыми-зерттеу жұмысы жоғары сапалы зерттеулер жүргізуге бағытталған. Оның жүзеге асуы оқу үдерісінде психологиялық-педагогикалық ғылымның озық идеяларын пайдалануда, алдыңғы қатарлы ғылыми журналдардағы жарияланымдар, кафедраның отандық және шетелдік білім беру орталықтарымен, сондай-ақ, кафедра оқытушыларының халықаралық конференциялар мен форумдарға қатысуынан көрініс табады.
Кафедрада «Жетім балалармен жұмыс жүргізетін мамандарды даярлауда инновациялық технологияларды қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздері», «Шетелдік тәжірибе негізінде (АҚШ, Англия) кредиттік оқыту технологиясы жағдайында студенттерге академиялық қолдау жасау» тақырыптары бойынша екі ғылыми жоба (іргелі) орындалды.
Кафедраның жетекші профессорларының ғылым докторларын, кандидаттарын және философия докторларын (Ph.D) даярлау тәжірибесі бар. Профессор-оқытушылар құрамы ғылыми зертеулер нәтижелерін оқу үдерісінде магистрлік диссертациялар мен дипломдық жұмыстарға жетекшілік жүргізу арқылы жүзеге асырады. Кафедра оқытушылары докторанттар, магистранттар мен студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатыстыру арқылы оқу мен ғылыми үдерістердің сабақтастығын қамтамасыз етеді.
Докторантура өзіндік ғылыми зерттеулер жүргізуге қабілетті кадрлар даярлауға бағытталған. 6D010300 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы психологиялық - педагогикалық бағыттағы ғылыми кадрларды даярлайды. Докторантураның басты міндеті - халықаралық және қазақстандық білім беру ұйымдарында табысты ғылыми мансапқа қол жеткізетін сондай-ақ аналитикалық, консультативтік қызметтерге арналған кәсіби маман даярлау.
PhD докторанттарға педагогикалық ғылымдарының докторлары Молдажанова Ә.А., Шалғынбаева Қ.Қ., Менлибекова Г.Ж., Сейтқазы П.Б., Төлеубекова Р.К., Калкеева К.Р., Длимбетова Г.К., Абибулаева А.Б. жетекшілік етеді.
«Педагогика» кафедрасының ғылыми жұмыстарының басым бағыттарына инклюзивті білім беруде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мәселелері туралы ғылыми зерттеулер жүргізу, білім берудегі құзыреттілік тұғыр, болашақ мамандардың этика-деонтологиялық даярлығы, жоғары білім беруде оқытудың заманауи технологияларын қолдану, қоғамның санасын жаңғырту жағдайында педагогикалық және әлеуметтік-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады.
Ғылыми-зерттеу мәселелері бойынша халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар материалдары жинақтарында, сондай-ақ ҚР БжҒМ бақылау комитеті ұсынған отандық журналдарда ғылыми мақалалар жарияланып отырады.
Күнтізбелік жыл бойынша кафедра ПОҚ-ы 5 ғылыми монография, 160 астам ғылыми мақала, оның ішінде рейтингі жоғары қазақстандық журналдарда - 59, шетелдік конференциялар жинақтарында 36 ғылыми мақала жарияланған.
| Біліктілікті арттыру | |
| ПОҚ біліктілігін арттырудың 2024 жылға арналған жоспары | |
"Әлеуметтік педагогиканың заманауи мәселелері" студенттік ғылыми үйірмесі туралы ереже.
"Тұлғаны дамытудың педагогикалық-психологиялық мәселелері" ғылыми-зерттеу үйірмесінің 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
Студенттік ғылыми үйірме туралы ережелер 2022
Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасы профессорлық-оқытушылық құрамның еңбектері
Студенттерддің ғылыми үйірмесі туралы ереже
«Тұлға дамуының педагогикалық-психологиялық мәселелері» студенттердің ғылыми үйірмесі
