
Халықаралық ынтымақтастық
Жоғары білім беру аясында «Педагогика» кафедрасының Халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының 2020-2025 жылдардағы Отандық білім интеграциясының басты бағыттарының бірі Мемлекеттік білімді дамыту бағдарламасына сәйкес жүзеге асады.
Бүгінгі таңда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универстиеті алдыңғы қатарлы заманауи университеттердің бірі ретінде танылып келеді. Сондай-ақ, әлемдік танымал университеттер қатарынан орын алатын санатқа енген (QS World University Rankings деректері бойынша).
Әлемдік рейтнгісі жоғары оқу орындар қатарына енудің бір талабы Халықаралық ынтымақтастық сферасын дамыту, білім интернационализациясы және академиялық ұтқырлық.
Осыған орай, «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасының Халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша мынадай негізгі міндеттерді шешеді:
- студенттердің, магистранттардың, докторанттардың ішкі және сыртқы ұтқырлығын белсендіру;
- оқытушылардың ішкі және сыртқы ұтқырлығын қамтамасыз ету;
- көптілді білім қағидаларын жүзеге асыру, оның ішінде әртүрлі елдердің мәдениеті мен тілдерін үйренуге негізделген арнайы оқу курстарын ұйымдастыру;
- әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық бағыттағы аккредитацияланған жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарымен ынтымақтастық байланысты одан әрі кеңейту;
Жалпы алғанда «Педагогика» кафедрасы шетеле университеттерімен тығыз байланыста жұмыс атқарып келеді. Үстіміздегі оқу жылының өзінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту аясында 10-ға жуық жоғары оқу орындары серіктестіктерімен келісім жасалған. Келісім шарттар жасасқан және тәжірибе алмасу мақсатында төмендегідей шетелдермен байланыс орнатылған: АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Испания, Польша, Болгария, Турция, Ресей және т.б. елдер. Шанхай ынтымақтастық Ұйымы университеттерімен белсенді халықаралық серіктестікте, жоғары білімді дамыту бойынша өзара тәжірибе алмасу мен бірлестік жүзеге асады. Негізгі келісім шарттар ТМД елдер арасында және Еуропалық Одақтар елдері арасында құрылған. Себебі, тарихи және географиялық алғышарттармен байланысты. Бұл ең алдымен, жоғары білімді жетілдіру тұрғысынан Болон процесі аясында даму стратегиясын түсіндіреді. Магистранттар, сондай-ақ, PhD бағдарламасы бойынша докторанттар Еуропа және Ресей елдеріндегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өту мүмкіншілігіне ие.
Соңғы екі жылдың көлемінде кафедра халықаралық интеграция бағытында жаңа импульс - екі дипломдық бағдарламасына ие болды. Айталық, Башқұрт (Ресей) мемлекеттік университетімен бакалавр және магистратура бойынша екі дипломдық білім беру бағдарламасы іске асуда.
«Педагогика» кафедрасы үшін негізгі міндет – шетел азаматтарына тартымды болу. Қазіргі таңда ресейлік студенттер, Башқұрт университете өкілдері білім алуда. Интернационализация аясын жетілдіру ресейлік университеттерімен бірлескен оқу модульдерін құрастырумен айқындалады.
Халықаралық ынтымақтастықты және академиялық ұтқырлықты дамыту тұрғысында педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық мамандықтар бойынша шетел ғалымдары шақырылды: Абрахам Алтоноян (Брунель университеті, Ұлыбритания), Л.В. Мардахаев (РМӘУ, Ресей), Сильвия Абад-Мерино (Кордова университеті, Испания), ШЫҰУ өкілдері және т.б.
Кафедра үшін Халықаралық ынтымақтастықты дамыту және интернационализация мен академиялық ұтқырлық саласындағы бағдар – бітірушілердің шет ел тілдерін еркін меңгеру, түрлі мемлекеттік және қоғамдық қор негізінде профессорлық-оқытушылар құрамының кәсіби біліктілігін жетілдіру, басты желілер негізінде оқытудың интерактивті әдістері, екі дипломдық бағдарлама, әлемдік мәдениет құндылықтарына негізделген білім мен тәрбие қамтамасыз етіледі. Оған қоса, ЕҰУ-нің интернационализацияны дамыту бағдарламасының басты міндеттерінің бірі – білім мен ғылымның халықаралық интеграциясына негізделген жоғары оқу орнының зерттеушілік моделіне көшу болып табылады.
Кіріс академиялық ұтқырлық 2021-2023 ж
Шығыс академиялық ұтқырлық 2022 ж
Қосдипломдық білім беру бағдарламасы
Докторанттардың шетелдік ғылыми кеңесшілері
