
Жетістіктер
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері ғылыми-зерттеу қызметінде, оқу-әдістемелік және әлеуметтік жұмыста, кафедраның білім беру бағдарламаларын танымал етуде және жұмыс берушілермен және шетелдік серіктестермен ынтымақтастықта жетістіктерін көрсетуде.
2023 жылы кафедраның 3 оқытушысы философия докторы PhD ғылыми дәрежесін алды.
Шетел тілдерінің теориясы мен тәжірибесі кафедрасының аға оқытушысы Бибол Әліпбай 2019 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы Оңтүстік Калифорния университетінің докторантурасына түсіп, «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленіп, осы тақырып бойынша докторлық диссертациясын қорғады (2022 ж. мамыр). Оның диссертация тақырыбы «KMO (Білім-Мотивация-Ұжым) моделіне негізделген оқытушылардың зерттеу қызметі» болды. 2023 жылдың қаңтарында Бибол Әліпбайға АҚШ-тың Оңтүстік Калифорния университетінде PhD дәрежесін табысталды.

Кафедрамыздың аға оқытушысы Әліпбай Б. Америкада докторлық дәрежесін алды

АҚШ университетінің докторлық дәрежесін растайтын дипломы
2022 жылдың қараша айында кафедраның аға оқытушысы Ксанова Дидара Маратовна Филология ғылымдарының докторы, проф. А.Е. Бижкенованың жетекшілігімен «Функционалдық және прототиптік морфологиялық генезис ретінде гидронимдердің ішкі формасын қалыптастыру факторы (салыстырмалы зерттеу)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 2023 жылдың 17 ақпанында Дидара Маратқызы Ксанова «6D021000 – Шетел филологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша PhD докторы дипломын алды.

Кафедрамыздығ аға оқытушысы Ксанова Д. М. докторлық дәрежесін сәтті қорғады

Д. М. Ксанованың докторлық дипломы
2023 жылдың маусым айында кафедраның аға оқытушысы Байбатырова Айгүл Амангелдіқызы филология ғылымдарының докторы, проф. Ш.Қ. Жарқынбекованың жетекшілігімен «Жазбаша ғылыми дискурстың когнитивтік-прагматикалық сипаттамалары (ағылшын, орыс және қазақ тілдеріндегі ғылыми мақалалар негізінде)» тақырыбында ғылыми диссертация қорғап, философия PhD докторы дәрежесін алыд.

Кафедрамыздың аға оқытушысы Байбатырова А. А. докторлық дәрежесін сәтті қорғады

А. А. Байбатырованың докторлық дипломы
2025 жылдың ақпан айында кафедраның аға оқытушысы Қожахметова Гүльсара Амангелдіқызы, филология ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Аударма теориясы мен практикасы кафедрасының профессоры Тажибаева С.Ж. және филология ғылымдарының докторы, И.В. Гёте атындағы Франкфурт Университетінің профессоры Невская И.А. (Германия) жетекшілігімен өз диссертациясын қорғап, философия PhD докторы дәрежесін алыд.

Аға оқытушысы Қожахметова Гүльсара Амангелдіқызы диссертациясын сәтті қорғады

Г. А. Қожахметованың докторлық дипломы
QS 2024 әлемдік университеттер рейтингіне сәйкес кафедрамыздың білім беру бағдарламалары пәндері бойынша ЕҰУ пәндік рейтингте жетекші орындарға ие болды:
ЛИНГВИСТИКА – әлемдік ТОП 100 университет

ЗАМАНАУИ ТІЛДЕР – әлемдік ТОП 100 университет

АҒЫЛШЫН ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ – әлемдік ТОП 100 университет

П.ғ.к., Кафедрамыздың қауымдастылырлған профессоры Әбдіхалықова А. М. «БОЛАШАҚ» стипендиясының «500 ғалым» байқауының жеңімпазы атанды және үш ай бойы (2024 жылғы маусым-тамыз) Латвияның Рига қаласындағы ESA әлеуметтік ғылымдар университетінде ғылыми тағылымдамадан өтеді.

Кафедрамыздың профессорлары Әбдіхалықова А. М. және Дүкенбай Г. Н. ғылыми тағылымдамада

Кафедрамыздың аға оқытушысы Байбатырова А. А. АҚШ-та ғылыми тағылымдамада
2021 жылы ЕҰУ «6В01719 – Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы «Атамекен» ҰКП рейтингінде Қазақстан Республикасының 42 ЖОО арасында үздік деп танылды.

2022 жылы ЕҰУ-дің «6В01721 – Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы «Атамекен» ҰКП рейтингінде Қазақстан Республикасының бәсекелес 39 жоғары оқу орнының арасында 2-орынды иеленіп, үздік үштікке енді.

«Атамекен» ҰКП 2023 жылғы рейтингінің қорытындысы бойынша «6В01721 – Шетел тілі: екі шетел тілі» ББ тағы да көшбасшы болып, 37 отандас ЖОО арасында 1-ші орынға ие болды.

2024 жылы біздің мамандық М019 - Шет тілі педаготерін даярлау магистратура білім беру бағдарламаларының тобы бойынша ІAAR рейтингісіне катысушы жоғары оку орындарынын арасында 1-ші орын алды

2023 жылы АРТА тәуелсіз агенттігінің білім беру бағдарламаларының рейтингісінің қорытындысы бойынша «7M01719 – Шетел тілі: екі шетел тілі» магистратура білім беру бағдарламасы көшбасшы болып, рейтингтің алдында – құрметті 1-орынға ие болды. «6В01721 – Шетел тілі: екі шетел тілі» бакалавриат білім беру бағдарламасы 2-ші орынға берік орнықты.

2021 жылдың мамыр айында өткен ЕҰУ «25 үздік білім беру бағдарламасы» байқауының қорытындысы бойынша кафедрамыздың екі ББ да үздік атанды.

«6В01719 – Шетел тілі: екі шетел тілі» ББ университеттің үздік 10 ББ қатарына енді

«7M01719 – Шетел тілі: екі шетел тілі» ББ университетіміздің үздік 10 магистратура бағдарламасына енді.

2021 жылдың 25 қаңтарында университеттің 25 жылдығын мерекелеуге арналған «ЕҰУ-дің үздік электрондық оқулығы» байқауында кафедра оқытушылары – ағылшын тілінде жазылған «Content and Language Integrated Learning in Foreign Language Teaching» электронды оқулығының авторлары - п.ғ.к.. Әбдіхалықова А.М., ф.ғ.к. Бейсембаева Ж.А., ф.ғ.к. Дүкембай Г.Н. 2-орынды иеленді. Университет ішілік байқау жеңімпаздарына дипломды ЕҰУ-дің оқу ісі жөніндегі проректоры з.ғ.д., проф. Е.А. Оңғарбаев табыстады.

«ЕҰУ-дің үздік электрондық оқулығы» табысталуда
Тілеухан Дария 2023 жылдың сәуір айында Шетел тілдерін оқытатын бас университет – Абылайхан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-де әр жылы сәуірде дәстүрлі түрде өтетін ағылшын тілінен республикалық олимпиаданың жүлдегері (құрметті 2 орын) атанды. Ғылыми жетекшілері: Анашева Д.К. және Нұржанова Ж.Д.

Абылайхан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-дегі олимпиада жүрген біздің команда
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Ғылыми кеңесінің 2022 жылғы 27 қазандағы шешімімен университетке сіңірген ерекше еңбегі үшін п.ғ.к.,Кафедраның доценті м.а. Нұржанова Жайнаш Джумахметовна Х. Досмұхамедов атындағы Алтын медальмен марапатталды.

Ж. Дж. Нұржановаға марапат табысталуда
«6В01719 – Шетел тілі: екі шетел тілі» ББ 3 курс студенті Хамит Айжан «Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы» қауымдастық түріндегі заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған ТМД елдерінің ғылыми және оқу орындары арасындағы «IV халықаралық кітап басылымы», «Үздік студент» жобаларының байқауында жеңімпаз атанды. Ғылыми жетекшісі – п.ғ.к., қауым. профессор Жусупова Р.Ф.

А. Хамитқа сертификат табысталуда
Жанарбек Лашын, Л.Н. Гумилев ЕҰУ филология факультеті шет тілдерінің теориясы мен тәжірибесі кафедрасының «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының ШТ-33 тобының студенті. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мерекелеуге арналған «Абай әндері» онлайн-байқауының үшінші дәрежелі лауреаты атанды. Байқауды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры ұйымдастырды.

Л. Жанарбекке сертификат табысталуда
2020 жылы Ресей Халықтар достығы университетінде «Қазіргі тілдер» және «Лингвистика» пәндері бойынша QS саммиті өтті, онда ЕҰУ да шет қалмады. Шетел тілдерінің теориясы мен тәжірибесі кафедрасының профессоры, п.ғ.к. Гүлжан Мұхаметқалиқызы Гауриева 2020 ж.15-17 желтоқсанда өткен «Жаһандану жағдайындағы тілдер және миграция» атты үш күндік QS саммитіне қатысты. Саммиттің бірінші күнінде ЕҰУ профессоры «Жаһандық білім: әлеммен бірге оқу» атты баяндама жасады.

Профессор Гауриева Г. М. РХДУ-да баяндама жасауда
Кафедра оқытушылары п.ғ.к., қауым. проф. Ниязова Айгүл Есенгелдіқызы мен PhD доктор Ақынова Дамира Біржанқызы «ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТ ОҚЫТУШЫ – 2020» республикалық байқауының жеңімпазы атанып, 2021 жылы ғылыми бағыттарын жүзеге асыру үшін грантқа ие болды.

Профессор Ниязова А. Е. үздік университет оқытушысы атанды

Акынова Д. Б. үздік университет оқытушысы атанды

Университеттің 30 жылдық мерей тойындағы марапаттау салтанатынан естелік
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Ғылыми кеңесінің отырысында, шетел тілдерінің теориясы мен тәжірибесі кафедрасының аға оқытушысы Анашева Дариға Қасымқызы адал еңбегі мен білім беру жүйесін дамытуға және жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Х.Аймағамбетовтың Құрмет грамотасымен салтанатты түрде марапатталды. Құрмет грамотасын ректор Е.Б.Сыдықов табыс етті.

Аға оқытушы Анашева Д. К. БҒМ құрмет грамотасымен марапатталды
Кафедрамыздың «6В01721 – Шетел тілі: екі шетел тілі» ББ 1 курс студенті Қарақат Жүсіп (ғылыми жетекші Бейсембаева Ж.А.) және «7М01719 – Шетел тілі: екі шетел тілі» ББ 1 курс магистранты Меруерт Өтембет (ғылыми жетекші Жусупова Р.Ф.) студенттер арасында ғылыми және оқу жұмысын танымал ету мақсатында жыл сайын өткізілетін «ТМД үздік студенті – 2023» және «ТМД үздік магистранты – 2023» халықаралық байқауында жеңімпаз атанды.

Студентіміз Жүсіп Қ. жеіп алған «ТМД үздік студенті – 2023» дипломы


