

Бейсембаева Жанаргуль Алибиевна
Кафедра меңгерушісі
Ғылыми дәрежесі: Филология ғылымдарының кандидаты
E-mail: beisembayeva_zha@enu.kz
Жұмыс тел.: +7 (717) 2 709 500 ішкі: 32-200
Бейсембаева Жанаргуль Алибиевна 2001 ж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетінің шет тілдер факультетінің «Аударма ісі» мамандығын бітірген. Сол жылы ол Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің аударма ісі кафедрасында стажер-оқытушы ретінде оқытушылық қызметін бастады. 2008 жылы филология факультетінің жалпы тіл білімі және аударма теориясы кафедрасының аға оқытушысы атанды. 2010 жылы ф.ғ.д., профессор Нұрғали К.Р. жетекшілігімен «В. Шекспирдің сонеттерін қазақ тіліне аударудың дұрыстығы» тақырыбында диссертацияны сәтті қорғады және 2011 жылы «01.10.07- салыстырмалы әдебиеттану» мамандығы бойынша Филология ғылымдарының кандидаты дипломын алды. 2017 жылдың тамыз айынан бастап филология факультетінің шетел тілдерінің теориясы мен тәжірибесі кафедрасының меңгерушісі қызметін атқаруда.
Бейсембаева Ж.А. ғылыми бағыты ағылшын, орыс және қазақ тілдеріндегі әдеби, атап айтқанда, поэтикалық аудармамен байланысты. Ол сонымен қатар ілеспе аударманы оқыту кезінде, ілеспе аударманы орындау кезінде ауызша мәтінді кодтау мен кодты шешу проблемаларын модельдеуді, синхронды және дәйекті аударманы оқыту мәселелерін зерттеумен айналысады.
Университетте аударма теориясы мен практикасы, ілеспе аударма, кәсіби ағылшын тілі, жазуға негізделген және мәтінге негізделмеген дәйекті синхронды аударма сияқты курстардан сабақ береді.
Ж.А. синхронды және ілеспе аудармашы (екі жұмыс тілдері: ағылшын, орыс), журналистік және ғылыми-академиялық мәтіндердің жазбаша аудармаларымен айналысады.
90-ден астам ғылыми жұмыстың, оның ішінде 2 монографияның, 3 оқу құралының, 1 электронды оқулықтың авторы. «Scopus» және «Web of Science» ДБ мақалалары бар. Хирш Индексі – 1.
Эразмус + грантының иегері (Польша, Венгрия), Еуропалық Комиссияда, Брюссельде (Бельгия), білім беру жүйесіндегі заманауи тәсілдер (Германия, Голландия, Болгария) бойынша тағылымдамадан өтті.
Қазақстан Республикасының білім саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды (БҒМ, 9 желтоқсан, 2019).
