ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Шетел тілдерінің теориясы мен тәжірибесі кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы келесі бағыттар бойынша белсенді халықаралық ынтымақтастықты қолдайды:

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР МЕН ЖОБАЛАР
2020 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың мамырына дейін кафедра АҚШ Елшілігінің Қазақстан университеттерінде бірлескен оқыту қызметін дамыту үшін «English Fellow Program» бағдарламасын жүзеге асырды. August Anthony Garnsey – Солтүстік-Шығыс Иллинойс университетінің (Чикаго, АҚШ) TESOL магистрі, CELTA, CLIL және TKT сертификатталған оқытушысы, Қазақстанға келіп, кафедра оқытушылармен бірге студенттерге ағылшын тілін бинарлық тәсілмен оқытудың әртүрлі аспектілері бойынша пәндерден дәріс берді.



Кафедра оқытушысы Абдыхалыкова А.М. АҚШ Мемлекеттік департаментінің Білім және мәдениет істері бюросының FHI 360-пен бірлесе отырып: «Ағылшын тілін онлайн оқыту форматында мәдениетаралық қарым-қатынасты шарлау және АҚШ-тан виртуалды мұғалімді ұсыну бағдарламасының бөлігі ретінде виртуалды алмасуды ұйымдастыру» тақырыбындағы халықаралық бағдарламасына қатысты. Орландо, Флорида және TESOL Академиялық алмасу бағдарламасы 2023, Портленд, Орегон (2023 жылдың 3 наурызынан 25 наурызына дейін).


2024 жылғы қазан айынан бастап Шетел тілдері теориясы мен практикасы кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы Британдық Кеңес қаржыландыратын халықаралық жобаларды Линкольн университеті (Ұлыбритания) және Үргеніш мемлекеттік университеті (Өзбекстан) университеттерімен бірлесіп жүзеге асыруда.
Екі жоба да ағылшын тілі мұғалімдері мен педагогтерін даярлау мәселелеріне арналған және Британдық Кеңес-тің AELLCA бағдарламаларының бірі аясында орындалуда.
Жоба жетекшісі – Линкольн университетінің Жоғары бизнес мектебінің PhD докторы Olanrewaju Olaoye. Екі жоба бойынша ЕҰУ тарапынан қосалқы жетекші – профессор Кусанова Б.Х., ал өзбек университеті тарапынан – PhD докторы Р. Абидова.
Жобаға PhD Alison Raby, кафедра меңгерушісі Бейсембаева Ж.А. және Өзбекстаннан келген жас оқытушылар қатысуда.

Еуропалық Одақтың университеттер арасындағы оқытушылар алмасуға арналған Erasmus+ бағдарламасының гранттары профессорлық-оқытушылық құрамға шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға, жаңа байланыстар орнатуға, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және серіктес жоғары оқу орындарында дәріс оқуға мүмкіндік береді.
Профессор Б. Кусанова 2025 жылғы сәуір айында Ұлттық білім беру комиссиясы атындағы Педагогикалық университет (Польша) университетіне Erasmus+ гранты бойынша қайтадан барып қайтты.
Ал профессор Жусупова Р.Ф. 2026 жылғы сәуір айында кезекті рет Erasmus+ грантын жеңіп алып, Витовт Магнус университеті (Каунас қ., Литва) университетінде болды.

ШЕТЕЛДІК ПРОФЕССОРЛАРДЫ ШАҚЫРУ
2023–2026 жылдар аралығында кафедраға ағылшын тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі саласының мамандары дәріс және семинар курстарымен келді:
Шадиев Рустам – PhD докторы, Чжэцзян университеті профессоры (Қытай) (01.11.2024 – 04.12.2024).

Тажиева Әлия Утебаевна, п.ғ.к., доцент, ағылшын тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, Ажинияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институты, Қарақалпақстан (11.12.2022 – 18.11.2022), (07.11.2023 – 10.11.2023)
Мамырбаева Дина Жақсыбаевна, п.ғ.к., Ағылшын тілі және әдебиеті кафедрасының доценті, Ажинияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институты, Қарақалпақстан (11.12.2022 – 18.11.2022), (07.11.2023 – 10.11.2023)

Mustafa Öztürk AKCAOĞLU – PhD докторы, Кастамону университеті профессоры (Түркия) (22.04.2024 – 26.04.2024).
Mehmet BOLLUK – PhD докторы, Кастамону университеті профессоры (Түркия) (22.04.2024 – 26.04.2024).

Aysel EYERCİ – доктор PhD, старший преподаватель факультета иностранных языков, Университет Ататюрка, Эрзурум, Турция (24.06.2024 – 28.06.2024)

Olanrewaju Olaoye – PhD докторы, Линкольн университеті Жоғары бизнес мектебінің аға оқытушысы (Ұлыбритания) (08.12.2025 – 12.12.2025).

Alison Raby – PhD докторы, Линкольн университеті Жоғары бизнес мектебінің аға оқытушысы (Ұлыбритания) (08.12.2025 – 12.12.2025).

АНА ТІЛІН ҚОЛДАНУШЫЛАР МЕН БИНАРЛЫҚ САБАҚТАР
ЕҰУ бағдарламасына сәйкес 2018-2022 жылдар аралығында кафедраға өз ана тілінде сөйлейтіндер шақырылды. Эфиопия азаматтары, Эфиопия сәулет, құрылыс және урбанизация университетінің түлектері Israel Beyene Mogis және Kebir Mohammed Jemal, сондай-ақ Сент-Луис қаласындағы Вашингтон университетінің волонтеры Jacob Levitan кафедра оқытушыларымен жұмыс жасап, бинарлық сабақтар жүргізді.


2018 жылдың қыркүйегінен бастап кафедрада білім беру ғылымдарының магистрі, АҚШ және Мексика азаматы Jose Humberto Baeza Estrada жұмыс істейді, ол алты шетел тілін жетік меңгерген, музыканы шетел тілдерін оқытуда қолдану әдістерін зерттейді, және қазір америка университетінде докторантурада оқиды. Jose Humberto Baeza Estrada 2 курс магистранттары үшін мамандандырылған ағылшын тілі және шешендік өнер бойынша курстарды жүргізеді.
АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ
Кафедра студенттері арасында аса сұранысқа ие болған студенттік/магистрлік алмасу бағдарламалары – академиялық ұтқырлық (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттары және өзін-өзі қаржыландыру арқылы), Эрасмус+ гранттары, Ambassador бағдарламасы және т.б.
2023-2024 оқу жылында кафедраға шетелдік студенттерді тартуға арналған «Welcome to ENU» бағдарламасы бойынша шетелдік серіктес университеттерден 43 студент келді.
Кафедра студенттерінің алмасу бағдарламасына қатысу статистикасы
| Оқу жылы |
Ұтқырлық бағдарламасымен ЕҰУ-ға келген контингент |
Ұтқырлық бағдарламасымен ЕҰУ-дан (шетелге) кеткен контингент |
| 2023-2024 |
43 |
27 |
| 2024-2025 |
27 |
34 |
| 2025-2026 |
34 |
44 |
Ағылшын тілі мұғалімдерін даярлау бағдарламалары бойынша ЕҰУ-дің ең танымал серіктес университеттері келесі шетелдік университеттер болып табылады:






Академиялық ұтқырлық бойынша «6В01719/6В01721 – Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бакалавриат бағдарламасы бойынша 2 және 3 курс студенттері келесідей шетелдік университеттерден келеді:

Қазақстандық университеттер де өз студенттерін ЕҰУ-ге ішкі академиялық ұтқырлық алмасу арқылы жібереді:

ТПИЯ каф. халықар. байланыс жоспары 2022-23.pdf
ТПИЯ каф. халықар. байланыс есебі 2022-23.pdf
ТПИЯ каф. халықар. байланыс жоспары 2023-24.pdf
ТПИЯ каф. халықар. байланыс есебі 2023-24.pdf