
Халықаралық ынтымақтастық
«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының халықаралық ынтымақтастық саласындағы жұмыстарының негізгі бағыттары:
- халықаралық байланыстар мен ынтымақтастықты кеңейту және нығайту, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдармен, шетелдік университеттермен, қорлар мен және бағдарламалар мен өзара іс-қимылды жандандыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;
- шетелдік серіктес ЖОО-мен ұзақ мерзімді ынтымақтастық бағдарламаларының келісім-шарттары мен жобаларын әзірлеуде оқытушылардың, магистранттар мен студенттердің өзара алмасуын ұйымдастыру;
- отандық және шетелдік ғалымдарды дәріс оқуға, шеберлік сабақтарын өткізуге және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға шақыру.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы аясында 2022 жылдың қыркүйегінде Омск мемлекеттік техникалық университетінің (РФ) дене шынықтыру және спорт кафедрасының профессоры, п.ғ.к. Сагиев Т.А. «Дене шынықтыружәне спорт» мамандығыныңстуденттеріне келесі пәндер бойынша консультациялар, ғылыми семинарлар, шеберлік сабақтары, лекциялар оқу үшін шақырылды: «Спорттық жарақаттар және жаттығу терапиясы», «Дене тәрбиесі мен спорттың физиологиялық негіздері»; «Оқу процесін басқарудың инновациялық әдістері». Кафедра қызметкерлері мен педагогикалық ұжымға«Scopus, Web of Science рейтингтік журналдарында мақала жариялау үшін не істеу керек? Материалды жіберу кезіндегі негізгі кеңестер мен қателер» тақырыбында дәрістер мен шеберлік сабақтары өткізілді. Scopus, WoS халықаралық деректер базасына енген жоғары рейтингті журналдарда мақалаларды бірлесіп жариялау жоспарлануда.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Өзбекстан мемлекеттік дене шынықтыру және спорт университетінің Нөкіс филиалы арасындағы білім беру қызметтерін көрсету бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру мақсатында, доцент Марчибаева У.С. мен аға оқытушы Моисеева Н.А-ның дене шынықтыру және спорт кафедрасының және филиал басшысы Б.Ж.Мамбетовтың шақыруымен 2022 жылдың 28-30 қарашасы аралығында Қарақалпақстан Республикасынан асапары ұйымдастырылды. Келу барысында студенттермен «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі», «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы дене тәрбиесі», «Адаптивті дене шынықтыру» пәндері бойынша дәрістер-визуализациялар, лекциялар-пікірталастар, әңгімелер, «Оқыту әдістерімен гимнастика» пәні бойынша шеберлік сыныбы өткізілді. Жиналыснәтижесінде филиал басшысы Мамбетова Б.Ж. мен ЕҰУ профессорлық-оқытушылар құрамы студенттердің академиялық ұтқырлығы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ дене шынықтыру және спорт кафедрасында Өзбек мемлекеттік дене шынықтыру және спорт университеті Нөкіс филиалы профессорлық-оқытушылық құрамының өндірістік практикадан өтуі, студенттердің академиялық ұтқырлығы мәселелері, қос дипломдық білім беру, екі жақты ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Алтай мемлекеттік педагогикалық университеті.pdf
Аньшань педагогикалық университеті.pdf
Ресей Мемлекеттік әлеуметтік университеті.pdf
Сібір мемлекеттік дене шынықтыру және спорт университеті.pdf
Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы.pdf
Өзбекстан мемлекеттік дене шынықтыру және спорт университетінде тағылымдамадан өту туралы бұйрық
