Кафедра туралы

«Жаратылыстану білімі және педагогикалық инновациялар» кафедрасы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Білім жоғары мектебінің құрамындағы жаратылыстану ғылымдары саласында педагог кадрларды даярлауға бағытталған жаңа академиялық құрылым.
Кафедраның құрылуы университеттегі педагогикалық білім беруді жаңғырту, жаратылыстану пәндері мұғалімдерін даярлаудың мазмұны мен сапасын жетілдіру, пәндік білім мен педагогикалық даярлықтың өзара сабақтастығын күшейту қажеттілігімен байланысты. Сонымен қатар кафедра білім беру үдерісіне заманауи педагогикалық технологияларды, цифрлық ресурстарды және жасанды интеллект құралдарын енгізуге ерекше мән береді.
2026 жылы университеттің академиялық құрылымын жетілдіру аясында физика, химия, биология және география бағыттары бойынша педагогикалық білім беру бағдарламалары Білім жоғары мектебінің «Жаратылыстану білімі және педагогикалық инновациялар» кафедрасының құрамына біріктірілді. Бұл қадам жаратылыстану ғылымдарын оқытудағы ортақ ғылыми-әдістемелік ұстанымдарды қалыптастыруға және пәнаралық ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді.
Кафедраның академиялық қызметі жаратылыстану ғылымдарының іргелі мазмұнын педагогика, пәндерді оқыту әдістемесі және білім берудегі инновациялармен ұштастыруға негізделеді. Осы бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстары, тәжірибеге бағдарланған оқыту, цифрлық білім беру технологиялары, жасанды интеллект, инклюзивті білім беру және функционалдық әрі жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамыту мәселелеріне басымдық беріледі.
Кафедраның миссиясы – жаратылыстану ғылымдарын терең меңгерген, заманауи педагогикалық және цифрлық технологияларды кәсіби қызметінде тиімді пайдалана алатын, ғылыми-зерттеу мәдениеті қалыптасқан, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істей алатын және білім алушылардың функционалдық, ғылыми және цифрлық сауаттылығын дамытуға қабілетті жаңа буын педагогтерін даярлау.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы физика, химия, биология, география және педагогика салаларында ғылыми және практикалық тәжірибесі бар білікті ғалымдар мен оқытушылардан қалыптасады. Кафедраның кадрлық әлеуетінің негізгі ерекшелігі – іргелі және қолданбалы пәндік ғылым мен педагогикалық білім беру әдістемесінің біртұтас академиялық ортада сабақтасуы.
Кафедрада ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, PhD докторлары, профессорлар, қауымдастырылған профессорлар, доценттер, аға оқытушылар және магистрлер қызмет атқарады. Оқытушылардың ғылыми-зерттеу және педагогикалық тәжірибесі білім беру бағдарламаларының мазмұнын жетілдіруге, заманауи оқыту технологияларын енгізуге және білім алушылардың зерттеушілік құзыреттерін дамытуға бағытталған.
2026–2027 оқу жылындағы
• жалпы ПОҚ саны –34
• ғылым докторлары –2
• ғылым кандидаттары –8
• PhD докторлары –21
• профессорлар –1
• қауымдастырылған профессорлар/доценттер –11
• аға оқытушылар –20
• магистрлер, оқытушылар – 3
Кафедраның кадрлық саясаты академиялық сабақтастықты қамтамасыз етуге, тәжірибелі ғалымдар мен жас зерттеушілердің кәсіби және ғылыми ынтымақтастығын дамытуға, сондай-ақ педагогикалық кадрлардың кәсіби құзыреттерін үздіксіз жетілдіруге бағытталған.
Кадрлық әлеуетті дамыту барысында ғылым мен білім беру үдерісінің өзара байланысын нығайтуға, жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу қызметіне белсенді тартылуына және мектеп практикасымен байланысты күшейтуге ерекше мән беріледі. Бұл бағыттар кафедраның тұрақты академиялық ортасын қалыптастыруға, ғылыми-педагогикалық әлеуетін арттыруға және заманауи білім беру талаптарына сәйкес мамандар даярлауға мүмкіндік береді.


