
Foreign Languages Theory and Practice Department

Шетел тілдерінің теориясы мен практикасы кафедрасы 2011 жылғы «06» сәуірде 06.04.2011 ж. № 483-41 бұйрығына сәйкес шетел филологиясы кафедрасын екі іргелес кафедраға — шетел тілдерінің теориясы мен практикасы кафедрасы және шетел филологиясы кафедрасына бөлу нәтижесінде құрылды. Кафедраның бастауы 1962 жылы С. Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтында құрылған роман-герман филологиясы кафедрасынан бастау алады.
Шетел тілдерінің теориясы мен практикасы кафедрасының негізгі қызметі — екі шетел тілін меңгерген, терең теориялық және практикалық дайындыққа ие, берік кәсіби білім, білік және дағдыларды игерген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру стандарттары мен Болон конвенциясының талаптарына сай келетін білікті мамандарды, білім бакалаврлары мен магистрлерін даярлау болып табылады.
Кафедра лингводидактикалық және лингвистикалық пәндерді оқытуды қамтамасыз етіп, бакалавриат пен магистратура білім алушыларына орта, кәсіптік және жоғары білім беру жүйесінде шетел тілдерін оқыту бойынша теориялық және практикалық дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Бұл олардың педагогикалық, тәрбиелік және ғылыми-зерттеу бағыттарындағы кәсіби қызметін жүзеге асыру барысында Қазақстанның еңбек нарығында жоғары бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етеді.
Кафедра төмендегі білім беру бағдарламалары бойынша білім бакалаврлары мен педагогика ғылымдарының магистрлерін даярлайды:
– 6В01719/6В01721 – Шетел тілі: екі шетел тілі
– 7М01719 – Шетел тілі: екі шетел тілі (негізгі шетел тілі – ағылшын тілі)
2023–2024 оқу жылындағы студенттер саны
|
Оқу жылы |
«6В01719/6В01721 – Шетел тілі: екі шетел тілі» ББ контингенті
|
«7М01719 – Шетел тілі: екі шетел тілі» ББ контингенті |
«8D01719 – Шетел тілі: екі шетел тілі» ББ контингенті |
Жалпы контингент |
|
2023-2024 |
745 |
60 |
|
805 |
|
2024-2025 |
1076 |
54 |
42 |
1172 |
|
2025-2026 |
1155 |
73 |
40 |
1268 |
Бакалавриат студенттері санының өсу үрдісі

Әр жылдары Шетел тілдерінің теориясы мен практикасы кафедрасын шетел тілінде білім берудің заманауи әдістемесі саласындағы кәсіби мамандар басқарды: ф.ғ.к. Екибаева Н.А. (2006–2008), ф.ғ.к., қауымд. проф. Сулкарнаева А.Р. (2011–2012), п.ғ.к., қауымд. проф. Байдрахманов Д.Х. (2012–2017), PhD докторы Бейсенбаева Л.Ж. (2021–2023). 2017 жылдан бастап кафедраны филология ғылымдарының кандидаты Бейсембаева Ж.А. басқарып келеді.
Қазіргі уақытта бітіруші кафедраның штаттық құрамында 2 филология ғылымдарының докторы, 5 педагогика ғылымдарының кандидаты, 3 филология ғылымдарының кандидаты, 9 PhD докторы, 6 магистр және мамандық бойынша 2 түлек бар.
Кафедра оқытушыларының қатарында «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағының иегерлері бар (Жусупова Р.Ф., Хамитова Г.А., Ниязова А.Е., Абдыхалыкова А.М., Акынова Д.Б.), «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаттары (Кусанова Б.Х., Гауриева Г.М., Абдыхалыкова А.М., Латанова Р.У., Әліпбай Б., Ксанова Д.М.), сондай-ақ Erasmus Mundus бағдарламасының стипендиаттары (Кусанова Б.Х., Ниязова А.Е., Жусупова Р.Ф., Абдыхалыкова А.М., Бейсембаева Ж.А., Анашева Д.К.) бар.
Кафедрада шетелдік мамандарды шақыру бағдарламалары аясында әр жылдары шетел тілдерінің ана тілі иелері қызмет атқарды және қазіргі уақытта да жұмыс істеуде: August A. Garnsey (АҚШ), Jose Humberto Baeza Estrada (АҚШ, Мексика), Israel Beyene Moges (Эфиопия), Kebir Mohammed Jemal (Эфиопия), Jacob Levitan (АҚШ), Giulio Scerbo (Италия), Maria Paola Gonzalez (Испания), Диего Габриель Амадо Гарсиа (Испания), Hulio Novillo Sanches de Pedro (Испания), Gaibor Gracia Karol Michelle (Испания).
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің шетелдік профессорларды шақыру бағдарламалары және Erasmus+ гранттық бағдарламасы аясында кафедра білім алушыларына серіктес жоғары оқу орындарының профессорлары дәріс оқыды: Francisco Rodríguez-Mesa (Кородова университеті, Испания, 2018 ж.), Dana Badulescu (Александру Куза атындағы Яссы университеті, Румыния, 2019 ж.), Larisa Turuševa (EKA қолданбалы ғылымдар университеті, Латвия, 2019 ж.), Mária Bláhová (Братислава экономика университеті, Словакия, 2019 ж.), Madeleine Danova (Климент Охридский атындағы София университеті, Болгария, 2020 ж.), Dorota Sylwia Majewicz (Гданьск университеті, Польша, 2021 ж.), Разумовская В.А. (Сібір федералдық университеті, РФ, 2021 ж.), Шадиев Рустам (Нанкин педагогикалық университеті, Қытай, 2021 ж.), Джейсок Прадела (Силезия технологиялық университеті, Польша, 2022 ж.), Таджиева А.У. (Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институты, Өзбекстан, 2022, 2023 жж.), Мамырбаева Д.Д. (Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институты, Өзбекстан, 2022, 2023 жж.), Шадиев Рустам (Чжэцзян университеті, Чанчжоу, Қытай, 2023 ж.).
«Шетел тілі: екі шетел тілі (негізгі ағылшын тілі)» мамандығының түлектері Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында және жоғары оқу орындарында ағылшын тілі мұғалімдері мен оқытушылары болып еңбек етуде. Кафедра түлектерінің көпшілігі ЕНУ-да жұмыс істейді, олардың қатарында: Кармелюк А.В., Ескиндирова М.Ж., Алшинбаева Ж.К., Кожахметова Г.А., Байбатырова А.А., Кыдырбаева Д.А., Ерик Г., Ксанова Д.М., Досжан Г.А., Мусабаева Г., Хамитова А.Г., Алмахова Г., Нұрғали Р.Р. және тағы басқалар бар.
